1999 жылы философия және саясаттану факультетін бітірген. Өзінің оқытушылық қызметін 2000 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазМУ-дің қоғамдық пәндер кафедрасында бастаған. 2004 жылдан бастап оның мансабы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен тығыз байланысты: мұнда ол оқытушы (2004 ж.), әлеуметтік философия кафедрасының аға оқытушысы (2005 ж.), доцент м.а. (2012 ж.), ал 2021 жылдан бастап философия кафедрасының доценті қызметін атқаруда. 2010 жылдан 2021 жылға дейін философия кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды. 2009 жылы 24.00.01 – мәдениет тарихы және теориясы мамандығы бойынша «Қазақ фольклорындағы мәдени-философиялық мәселелер көрінісі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Педагогикалық өтілі – 21 жыл. 50-ден астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде процентилі 35-тен төмен емес Scopus/Web of Science базаларындағы 4 мақала, 13 ҚКСОН басылымындағы жұмыс және 1 монография бар. ҚР БҒМ-нің әл-Фараби мұрасы мен түркі өркениетіне арналған іргелі зерттеу жобаларына белсенді қатысты. Ғылыми жетекші ретінде олимпиада жеңімпаздарын, магистрлік диссертацияларды дайындады, сондай-ақ бір PhD докторлық диссертациясын (2020 ж.) сәтті қорғатты. Ғылыми қызығушылықтарына қазақ философиясы, этика, эстетика және антропология жатады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1999 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
22.09.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
10.03.2021 |
4
құжаттар
1