Тұрсын Хафизұлы Ғабитов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, ҚР ӘҒА академигі, мәдениеттану профессоры, Қазақстан Философиялық Конгресінің вице-президенті.Ғабитов Тұрсын Хафизұлының ғылыми- педагогикалық қызметі, ассистенттен (1971 ж.) профессорға дейінгі ұстаздық жолы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланысты. Тұрсын Хафизұлы 1971 жылы ҚазҰУ-дың философия-экономика факультетін үздік бітіріп, кандидаттық (1977 ж.), докторлық диссертацияларын ҚазҰУ-дың диссертациялық кеңесінде (1997 ж.) қорғады. Кеңес үкіметі тұсында Ауғанстан Республикасына арнайы іс-сапармен жіберіліп, 1986-1988 жылдар аралығында Кабул университетінің кеңесшісі қызметін атқарды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін республикадағы тұңғыш мәдениеттану кафедрасының ашылуына ұйтқы болып, 1991-1995 жылдар аралығында аталған кафедраға жетекшілік етіп, отандық мәдениеттану ғылымының қалыптасуына негіз қалады. Тұрсын Хафизұлы Қазақстанның жоғары білімі мен ғылым саласына сіңірген еңбегі үшін 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Ғалым «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2007 ж.), Қазақстанның білім мен ғылым саласына қосқан көрнекті үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының «Үздік автор» байқауының, «Қазақстан ғалымдары одағының» республиканың ғылым, техника және білім саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін байқауының лауреаты. Тұрсын Ғабитовтың «Мәдениеттану» оқулығы 2001 жылы өткен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің байқауында «Қазақстан он жылдығының үздік кітабы», 2006 жылы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап жәрмеңкесінің лауреаты атанды. ҚР жоғарғы оқу орындары қауымдастығының шешімімен автордың оқулықтары Қазақстанның ең танымал оқулықтарының қатарына енген.Ғалым 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 80-нен астам жеке және ұжымдық монографиялардың, көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының, энциклопедиялардың, сөздіктердің, жалпы саны 600-ден асатын жарияланымдардың авторы. Автордың философия және этика тарихы бойынша еңбектері АҚШ, Германия, Ауғанстан, Иран, Әзірбайжан және Түркияда жарық көрді. Профессордың ғылыми жетекшілігімен 40-тан астам ғылым кандидаты мен 6 ғылым докторы, 5 Философия докторы (PhD) дайындалды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1971 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
26.12.1997 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
профессор |
15.05.1998 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
"Құрмет" ордені | 12.12.2009 |
"Қазақстан Республикасаы білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі | 14.12.2007 |
жаңа ұрпақ оқулықтарын жазудағы жемісті еңбегі үшін "Үздік автор" атты А.Байтұрыснов атындағы медаль | 01.01.2003 |
Мемлекеттік грант "2007 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | |
"еңбек ері" медалі |
7
құжаттар
2