Профессор Жақыпбек Алтайұлы Алтаев Ташкент мемлекеттік университетінің түлегі. 1972 жылы аталған университеттің философия-экономика факультетінің философия бөлімін тәмамдаған. 1982 жылы «Философиялық дәптерлер» еңбегіндегі диалектикалық идеялар» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1997 жылы «Қазақ философиясының қалыптасу тарихы» тақырыбында докторлық диссертация жұмысын қорғады. Өмірінің 50 жылға жуық уақытын ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған профессор Жақыпбек Алтайұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасында 1985 жылдан доцент, 1998 жылдан профессор лауазымын атқарып келеді. Қазіргі кезде ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының профессоры және әл-Фараби орталығының ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарады. Жақыпбек Алтайұлы 2003 ‒ 2013 жылдар аралығында ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының меңгерушісі болды. Профессор Жақыпбек Алтайұлының жетекшілігімен философия кафедрасы философия мамандығынан мемлекеттік стандартты және философиялық пәндерден типтік бағдарламалар жасаудың, сондай-ақ философиялық білім берудің еліміздегі іргелі ғылыми-әдістемелік орталығына айналды. ТМД және алыс шетелдегі ғылыми орталықтар және университеттермен ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты жолға қойды. Жақыпбек Алтайұлы 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, 2018 жылы ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби Үлкен алтын медалімен» марапатталды. «Жылдың үздік оқытушысы» грантының иегері (2011 ж.). 2008 ‒ 2020 жылдар аралығында профессор Ж.А. Алтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әл-Фараби орталығы» ғылыми-зерттеу орталығын басқарды. Осы аралықта Ж.А. Алтаев жетекшілік еткен ғалымдар тобы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іргелі зерттеулерді гранттық қаржыландыруы аясында «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мәдениеті» (2009 ‒ 2011 ж.), «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі: әлеуметтік-философиялық аспектілері (2012 ‒ 2014 ж.), «Заманауи әлемдік және қазақстандық мәдениеттің дамуындағы Әл-Фараби мұрасы» (2015 ‒ 2017 ж.) жобаларын табысты жүзеге асырды. Ж.А. Алтаев 2010 жылы ЮНЕСКО-ның штаб- пәтерінде өткен халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі жұмысының негізгі ұйымдастырушыларының және басты спикерлерінің бірі болды. 2014 жылдан бастап Ж.А. Алтаевтың жетекшілігімен әл- Фараби орталығы Халықаралық Фараби форумын ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Мемл.унив.
Жоғары
1972

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
21.11.1997

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
05.06.1998
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Мемлекеттік грант ЖОО үздік оқытушысы" 09.01.2012
Қызығушылығы