Кәрімов Дамир Ахметбекұлы, 2000 жылғы 16 сәуірде дүниеге келген. Ол 2018–2022 жылдары
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Философия» мамандығы бойынша бакалавр
дәрежесін аяқтады. 2022–2024 жылдары осы университеттің философия мамандығы бойынша
магистратурасында білім алып, оны табысты бітірді. 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-
дың саяси философия бойынша докторантурасына қабылданып, қазіргі уақытта докторантура
бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда.
Дамир Кәрімовтың кәсіби қызметі педагогика, ғылыми зерттеу жұмыстары және жастар
арасында зияткерлік-дискуссиялық орта қалыптастырумен тығыз байланысты. 2021–2023
жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының «Дарынды балалармен жұмыс жасау орталығында»
дебат бағыты бойынша бас маман қызметін атқарды. 2023–2024 жылдары Оқушылар сарайының
дебат офисін басқарды. 2024–2025 оқу жылында НАРХОЗ университетінде оқытушылық қызмет
атқарып, философия және сыни ойлау пәндерінен сабақ берді.
Дамир Кәрімов ұйымдастырушылық және жобалық басқару саласында да айтарлықтай тәжірибеге
ие. Ол Алматы дебат федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық дебат
федерациясының негізін қалаушысы, сондай-ақ Оқушылар сарайының дебат қозғалысын дамыту
жөніндегі жобалық офисінің жетекшісі болған.
Кәрімов Д.А. — философия саласындағы ғылыми зерттеулері үшін республикалық және
халықаралық деңгейдегі бірнеше марапаттардың иегері, пәндік олимпиадалардың жүлдегері
әрі ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы. Ол дебаттарға арналған оқу-
әдістемелік құралдың және постақиқат, саяси идентичность, жастар философиясы мен
қазақтың интеллектуалдық дәстүріне қатысты бірқатар ғылыми жарияланымдардың авторы.
Алты жылдық пікірсайыс тәжірибесі бар және Алматы қаласының ең үздік спикерлерінің бірі
саналады.
Қазақ, орыс және ағылшын (IELTS 6, B2 деңгейі) тілдерін еркін меңгерген.