Құдайбергенова Назгуль Жанысқызы – философия ғылымдарының докторы (PhD), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия кафедрасының доцент м.а. Философия тарихы, қытай философиясы, философиялық антропология, этика және рухани-мәдени құндылықтар мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми тәжірибесі бар. Аталған ғылыми бағыттар бойынша Scopus базасындағы журналдарда мақалалар жариялаған, «Конфуций және Кант: рухани құндылықтар үндестігі» атты монографияның авторы. Ғылыми-зерттеу қызметінде адам табиғаты, мораль философиясы, шығыс және батыс философиялық дәстүрлерінің салыстырмалы талдауы, сондай-ақ қазіргі заманғы мәдени- өркениеттік процестер философиясы негізгі зерттеу өзегін құрайды. Халықаралық академиялық тәжірибесіне АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорния университетінде (2014) және Түркиядағы Мимар Синан көркем өнерлер университетінде (2013) өткен ғылыми тағылымдамалар кіреді. Философия, ежелгі Шығыс философиясының тарихы, Ғылым тарихы мен философиясы пәндерінен дәріс береді. Қазақстанның Ұлттық ашық білім платформасында жарияланған «Философия» атты ашық онлайн курстың (MOOC) авторы. Білім беру контентін әзірлеу, оқу бағдарламаларын жаңғырту және цифрлық оқу ресурстарын дамыту бағыттарында белсенді қызмет атқарады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2010

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
04.04.2016
Қызығушылығы