Бейбит Карибаев Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2007 жылы ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетіне «Техникалық физика» мамандығы бойынша оқуға түсті. Бакалавриатты аяқтағаннан кейін оқуын ҚазҰУ-дың магистратурасында жалғастырып, 2013 жылы «Астрономия» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Кейін ғылыми қызметін жалғастырып, 2019 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша Doctor of Philosophy (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Еңбек жолын 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Электроника және астрофизика» кафедрасында бастап, осы күнге дейін ғылыми зерттеулерді, оқытушылық қызметті және ғылыми жобаларға қатысуды қатар атқарып келеді. Оның ғылыми қызметі радиоэлектроника, антенналық технологиялар, сигналдарды өңдеу және шағын ғарыш аппараттарына арналған жүйелерді әзірлеу бағыттарын қамтиды. 2023–2024 жылдары Бейбит Карибаев Алматы энергетика және байланыс университетінде (АЭжБУ) «Телекоммуникациялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Тағылымдамалар, ғылыми жобалар және халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысу аясында ол шетелдік бірқатар ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерде болды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2011

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
25.12.2019
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

15

Цитирования
59 по 45

құжаттар

h-индексі

5