Қожагұлов Елдос Тоққожаұлы (Yeldos Kozhagulov), PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің электроника және астрофизика кафедрасының доценті м.а. 2018 жылы 6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша «Масштабтық-инвариантты қасиеттері бар нейрондық желілер» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми жетекшілері: ф.м.ғ.д., профессор З.Ж. Жанабаев, ф.м.ғ.к. Т.Ю. Гверцева, сондай-ақ шетелдік профессорлар Igor Timofeev (Psychiatry and Neuroscience кафедрасы, Université Laval) және Michael A. Zaks (Statistical Physics and Nonlinear Dynamics кафедрасы, Humboldt University of Berlin). Қожагұлов Е.Т.-ның негізгі ғылыми қызығушылықтары бейсызық физика, сигналдарды цифрлық өңдеу, логикалық интегралдық схемаларды бағдарламалау, нейрондық желілер мен машиналық оқыту, деректерді интеллектуалды өңдеу жүйелері, жасанды интеллект әдістері мен технологиялары, сондай-ақ ақпарат пен энтропияның заманауи теориясымен байланысты. 2017–2019 жылдары Қожагұлов Е.Т. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» бағдарламасы аясында «Бейімделетін өзін-өзі ұйымдастыратын нейрондық желіге негізделген машиналық көру» тақырыбы бойынша коммерцияландыру жобасының жетекшісі болды. Жоба сәтті жүзеге асырылып, толық аяқталды. Сонымен қатар ол бірқатар гранттық және шаруашылық-келісімшарттық ғылыми-зерттеу жобаларының негізгі орындаушысы болды, оның ішінде: «Хаостық сигналдарды мультифракталдық және ақпараттық-энтропиялық талдау әдістері арқылы дауыс пен сөйлеу фонограммаларын сәйкестендіруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенді әзірлеу»; «1100/ГФ – Өте кеңжолақты телекоммуникациялық жүйелердің жиіліктік, ақпараттық және энергетикалық тиімділігі»; «1513/ГФ3 – Айнымалы жұлдыздар сигналдарындағы, Күннің радио сәулеленуіндегі және галактикалардағы материяның таралуындағы хаос құрылымы»; «3084/ГФ4 – Өзін-өзі ұйымдастыратын электрондық элементі бар нейрондық желілерді құру». Қожагұлов Е.Т.-ның еңбек жолы 2011 жылы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтында басталып, онда лаборант, инженер және ғылыми қызметкер қызметтерін атқарды. Педагогикалық қызметін 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында оқытушы ретінде бастады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2011

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
03.05.2018
Қызығушылығы