1988 жылы Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Қатты дене физика кафедрасының түлегі. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «050604-Физика» мамандығы бойынша білім грантына түсіп, 2010 жылы бакалавриатты бітірген. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: "Қабырғаға орнатылған күн модульдерін жобалау және есептеу". 2015 жылы Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-техникалық факультетінің "Материалтану және жаңа материалдар технологиясы" мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: "«Висмутпен модификацияланған JST қабықшаларының құрылымы мен оптикалық қасиеттері». Баламалы энергия көздері, халькогенидті жартылай өткізгіштер және нанотехнология салаларында наносөлшемді кремниймен зерттеулер жүргізді. Оқуды аяқтағаннан кейін қатты дене және бейсызық физика кафедрасында оқытушы қызметінде қалды. Жеті жылдан астам ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар. 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «6D074000 – Нанотехнологиялар және наноматериалдар» мамандығы бойынша PhD докторантурасын аяқтады. Отандық журналдардағы мақалаларынан басқа, Scopus деректер базасына енгізілген халықаралық журналдарда мақалалар жариялады. Қазіргі таңда аға оқытушы қызметін атқара отырып, кафедраның іс-шараларына белсене қатысады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2015

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Бакалавриат

2010

Қызығушылығы