1987 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2005 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсті, 2009 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, магистратураға түсті. 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және сызықтық емес физика кафедрасының магистратурасын бітіріп, «Толтырғыштардың полиимидті композиттік материалдардың физика-механикалық қасиеттеріне әсері» тақырыбындағы диссертацияны «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша қорғады. 2010-2011 жылдары қатты дене физикасы және сызықтық емес физика кафедрасының маманы болып жұмыс істеді. 2013 жылы ассистент, 2014 жылы сол кафедраның оқытушысы болып жұмыс істеді. 2013-2017 жылдары АСМ маманы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қатты дене физикасы және сызықтық емес физика кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеймін. Жалпы физика курсы бойынша «Оптика», Материалдардың механикалық қасиеттері, Кристаллофизика және рентгенография, Материалдар құрылымы және оларды зерттеу әдістері курстарын оқимын. Ғылыми қызығушылықтары: қатты дене физикасы, атомдық күштік микроскоп, полиимидтер.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2009
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

8

Цитирования
16 по 16

құжаттар

h-индексі

3