Басты бет / Физика-техникалық / Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы / Ермұхамед Дана
Ермұхамед Дана
қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасы
Scopus author ID: 57193808037
danayermukhamed92@gmail.com
Мен, Ермұхамед Дана, 1992 жылы 24 қазанда Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
Білімім – жоғары (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы). Тұрмыстамын,
үш балам бар: екі қыз, бір ұл.
2010 жылы Алматы қаласындағы №15 гимназияны бітірдім. Сол жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
физика-техникалық факультетінде «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы
бойынша бакалавриатта оқуымды бастадым. 2014 жылы бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол
мамандық бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасына түсіп, оны
2016 жылы 6М071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша
техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болдым. 2016-2019 жылдар аралығында
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Материалтану және жаңа материалдар
технологиясы» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқыдым. 2020 жылы «Метал енгізілген
химиялық жеміру әдісімен алынған микроқұрылымды кремнийдің оптикалық және құрылымдық
қасиеттері» тақырыбында докторлық диссертациямды қорғадым.
2016 жылдан 2020 жылға дейін «Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу
институтының» (ЭТФҒЗИ), «Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана» (АТҰНЗ) ғылыми
жобаларына қатыстым. 2016 жылдың тамыз айында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Білдек
жасау, материалтану және машина жасау технологиясы» кафедрасының ассистенті қызметіне
алындым.
Менің 12 жылдық еңбек өтілім бар және 36-дан астам ғылыми мақалалардың авторымын. Оның ішінде
11 мақала Scopus журналдарында жарияланған. h –индексім – 5.
2005-2019 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті, Қазақ-неміс университеті, “Қайнар” университеті, “Тұран”
университеті, Сүлейман Демирел университеті, Халықаралық бизнес университетінде (UIB) өткен
студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға
қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.
2015-2019 жылдар аралығында мен Польша Ғылым академиясы (Варшава), Фотондық технологиялар
институты (Йена, Германия) және «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті (Мәскеу) сияқты
атақты ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өттім.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Жоғары | 2014 |
Академикалық дәреже
Ғылыми дәрежесі
1
Ермұхамед Дана Диханбаев К.К., Мұсабек Г.Қ.
2016 - г.
7 - стр.
310
2
Ермұхамед Дана Диханбаев К.К., Мұсабек Г.Қ.
2017 - г.
6 - стр.
0
3
Ермұхамед Дана Таурбаев Т.И.
Гaлоген құрaмының оргaнометaллдық перовскиттердің құрылымдық және оптикaлық қaсиеттеріне әсер етуі
2016 - г.
5 - стр.
57
4
Ермұхамед Дана Таурбаев Т.И., Диханбаев К.К., Мұсабек Г.Қ.
Күн элементтері және ИҚ фотоникa үшін жaртылaйөткізгіштік нaноқұрылымдaр
2016 - г.
7 - стр.
59