Басты бет / Физика-техникалық / Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы / Кудабаева Мадина Амирбековна

Кудабаева Мадина Амирбековна

Лауазымы: кафедра меңгерушісіінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы
Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы
Scopus author ID: 57210194112
Жасырылған
       Мен, Кудабаева Мадина Амирбековна, 1990 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келдім. Әкем — Құдабаев Амирбек Табылдыұлы, шахтер болып жұмыс істеген. Анам — Төлешева Зауреш Күнеділовна, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің аға оқытушысы. Менің 1992 жылғы туған ініім — Табылды Ағибай Амирбекұлы бар. 1996 жылы Сәтбаев қаласындағы С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясына оқуға түсіп, 2006 жылы оны аяқтадым. Мектеп жылдарында би билеу, домбыра тарту және дебаттарға қатысу сияқты үйірмелермен айналыстым. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы қызыл дипломмен бітіріп, техника және технология бакалавры дәрежесін алдым. 2009–2010 жылдары Президент стипендиясының иегері болып, факультеттегі «Сұңқар» кәсіподақ ұйымының төрайымы болдым және студенттік шараларға белсенді қатыстым. 2009 жылы Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-та болдым. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Физика» мамандығы бойынша магистратурасына түсіп, 2013 жылы үздік бітіріп, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым. 2012 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Малайзия Технологиялық университетінде (UTM) ғылыми тағылымдамадан өттім, сондай-ақ академиялық мобильдік бағдарламасымен Литвадағы Каунас технологиялық университетінде бір семестр білім алдым. 2018 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша докторантураға түсіп, оны 2021 жылы сәтті аяқтадым. Қазіргі уақытта ННЛОТ ғылыми жобасына қатысамын. 2015 жылдан бері қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеймін. Оқытатын пәндерім: Оптика; Векторлық және растрлық графика; Жартылай өткізгіштер физикасы; Жаңартылатын энергия көздері құрылғылары; Фотоэлектрлік және коллекторлық құрылғылар; Конденсацияланған күй физикасы. 2014 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым — Бахытұлы Наурызбек, Металлургия және байыту институтының зертхана меңгерушісі. Төрт баламыз бар: қыздарымыз Әсем (11 жаста), Асылым (9 жаста), Томирис (6 жаста) және Данеля (1 жаста).
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2010

1

Кудабаева Мадина Амирбековна Influence of Si atoms on the structure and electronic properties of amorphous DLC films 2023 - г. 11 - стр. 599

2

Кудабаева Мадина Амирбековна Nanocomposite materials based on amorphous SiC-containing DLC structures modified with rhodium nanoparticles 2024 - г. 9 - стр. 144

3

Кудабаева Мадина Амирбековна Study of the structure of amorphous carbon films modified with silicon oxide 2019 - г. 6 - стр. 1

1

Кудабаева Мадина Амирбековна Толеуов Г.., Исатаев С.И., Исатаев М.С. 2012 - г. 5 - стр. Алматы, КазНУ им.аль-Фараби
Автордың құжаттары

3

Цитирования

11 по 11
құжаттар

h-индексі

2

2024

Diamond and Related Materials
144, с.

2

Цитирований
Influence of Si atoms on the structure and electronic properties of amorphous DLC films

Ryaguzov, A., Kudabayeva, M., Myrzabekova, M., Nemkayeva, R., Guseinov, N.

2023

Journal of Non Crystalline Solids
599, с.

8

Цитирований
Study of the structure of amorphous carbon films modified with silicon oxide

Ryaguzov, A.P., Kudabayeva, M.A., Nemkayeva, R.R., Guseinov, N.R., Myrzabekova, M.M.

2019

Eurasian Physical Technical Journal
16, с. 6-11

1

Цитирований
Google Scholar: Профиль