Мухаметкаримов Е.С. 2008 жылы бакалавриатты, ал 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің магистратурасын «физика» мамандығы бойынша тәмамдады. 2011 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың тамызына дейін Мухаметкаримов Е.С. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша PhD-докторантурада білім алды. 2014 жылы «Гибридті наноқұрылымдардың және шаңды плазмадағы құрылымдардың электродинамикалық қасиеттері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды. Рейтингтік журналдарда жарияланған бірқатар ғылыми еңбектері бар. Кешенді плазманың физикалық қасиеттерін зерттеу саласының маманы болып табылады. Соңғы жылдары диэлектрлік матрица және күміс/алтын нанобөлшектері негізінде жарықтың резонансты жұту эффектісі бар нанокомпозиттерді, сондай-ақ метал халькогенидтерінің екіөлшемді нанокристалдарын алу технологиясын әзірлеумен белсенді түрде айналысып келеді. Жұмысқа шығармашылықпен қарайды, ұйымдастырушылық қабілеттері бар және студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында зор құрметке ие.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2008

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
22.05.2015

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
13.11.2020
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

33

Цитирования
160 по 137

құжаттар

h-индексі

7