Накысбеков Жасулан Турсынкалиевич 1989 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) физика факультетіне «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2011 жылы «Металл нанокластерлерімен модификацияланған аморфты көміртекті қабыршақтардың құрылымын және оптикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында дипломдық жұмысын қорғап, материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесін алды. 2011 жылы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің магистратурасына түсіп, 2013 жылы «Наноұнтақты металдарды зерттеу (Cu және басқа металдар)» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. Нәтижесінде «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. 2015-2018 жылдары ҚазҰУ-да «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша докторантурада оқып, 2021 жылы «Әр түрлі әдіспен мыс нанобөлшектерін синтездеу және оның құрылымын радиациялық модификациялау» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін алды. 2013 жылдан бастап ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында қызмет атқарды. 2024 жылдан бастап қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының доценті міндетін атқарушы болып қызмет етуде.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
18.03.2021 |
6
құжаттар
1