Молдабеков Жангали Мусырманқулович әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінде «Физика және астрономия» (бакалавриат), «Физика және астрономия» (магистратура) және «Ядролық физика» (докторантура) мамандығы бойынша білім алды. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің плазма физикасы нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушы болып жұмыс істеп келеді. Молдабеков Ж.М., қазіргі заманғы жаңа технологияларды оқыту процесінде қолдану әдістерін жақсы меңгерген және оларды дәріс, семинар, зертханалық сабақтарында ұдайы қолданып келеді. Сонымен қатар семинар сабақтарында демонстрациялық көрнекіліктерді педагогикалық шеберлігін пайдаланып жоғары деңгейде көрсете алады. Студенттерге пән бойынша алған білімдерін болашақ мамандықтарында және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қойылған мәселені шешуде қолдануды үйретіп келеді. Сонымен қатар, Жангали Мусырманкулович плазмалық үдеткіштер зертханасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде араласады. Оның негізгі ғылыми зерттеу жұмысы, ядролық-физикалық диагностикалық әдістерді қолдану арқылы плазмалық фокус термоядролық реакторларындағы нейтрондардың пайда болу механизміне әсер ететін параметрлерін және материалдардың эрозиясын анықтау болып табылады. Халықаралық, Республикалық ғылыми журналдар мен конференцияларда 40 аса ғылыми еңбектері және 5 оқыту әдістемелік құралы жарық көрді. 2022-2024 жылдары «Жас ғалым» жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша AP15473243 «Фокусталған импульстік плазма ағындарын материал бетін модификациялауда қолдану» ҒЗЖ жетекшісі болды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2010

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0