Мухамедрысқызы Маржан, жаратылыстану ғылымдарының магистрі — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы. 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «050710 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, 2013 жылы «6М060400 – Физика» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алды. 2019 жылы «6D074000 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар» мамандығы бойынша PhD докторларын даярлау бағдарламасында білім алған. Ғылыми және кәсіби тәжірибесін арттыру мақсатында Кадис университеті (Испания), Белгород ұлттық зерттеу университеті (РФ), Бордо университеті, CELIA ғылыми орталығы (Франция) сынды алдыңғы қатарлы шетелдік оқу орындары мен ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 2010 жылы физика-техникалық факультетінің плазма физикасы және оптика кафедрасында маман қызметінен бастаған. 2013 жылдан бастап оқытушылық қызмет атқарып келеді. 2014 жылы университеттің қабылдау комиссиясы науқанында факультеттің техникалық хатшысы қызметін атқарған. Әр жылдары кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы және ғылыми-инновациялық жұмыс пен халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Университет қабырғасында түрлі оқу-әдістемелік, ғылыми және халықаралық бағыттағы жұмыстарға белсене араласып, кафедра мен факультеттің дамуына өз үлесін қосып келеді. 2012 жылдан бастап эксперименталды және теориялық физиека ғылыми зерттеу институты мен ашық түрдегі нанотехнологиялық ғылыми зертханасына қарасты плазмалық үдеткіштер мен технологиялар зертханасында ғылыми жобалар орындауға инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер ретінде қатысып келеді. Негізгі ғылыми қызығушылықтары – наноматериалдар алу, плазмалық технологиялар, плазманың материалдармен әрекеттесуі, кеуекті кремнийді алу және оның қолданылуы. Отандық және шетелдік ғылыми журналдар мен конференциялар жинақтарында 30-ға жуық мақаласы жарияланған. Отандық және шетелдік орталықтардың кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысып, біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады , игерген жаңа білім мен дағдыларды оқу үдерісіне енгізу арқылы студенттердің кәсіби дамуына ықпал етіп келеді. Факультеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындайды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2010 |
4
құжаттар
1