Султангазина Маржан Нурланқызы 1994 жылғы 3 қыркүйекте Абай облысы Аягөз ауданының Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы «6M074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін иеленген. 2018–2022 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «8D07112 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқыған. 2017–2020 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертханада (АТҰНЗ) инженер болып жұмыс істеген. 2019–2020 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында оқытушы қызметін атқарған. 2021–2022 жылдары «ҚБТУ» АҚ-ның электрониканың перспективалық әзірлемелері зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2022– 2023 жылдары Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базалық инженерлік даярлық факультетінің «Физика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2023 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді. Султанғазина М.Н. ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысады, отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 35 астам мақаланың авторы. 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік жас ғалымы» атағына ие болды.2025 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өркендеуі мен дамуына қосқан зор үлесі және ғылым мен жоғары білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін «Farabi» алтын медалімен марапатталды. Ғылыми тағылымдамалардан өткен: 2017 жылғы қаңтар–ақпан айларында — Кёльн университетінде (Германия), 2017 жылғы маусым–шілде айларында — Жапонияның Киото технологиялық институтында «Sakura Science» бағдарламасы аясында, 2019 жылғы мамыр–тамыз айларында — Украина Ұлттық ғылым академиясының И.Н. Францевич атындағы Материалтану мәселелері институтында (Киев, Украина).
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
28
құжаттар
10