Давлетов А.Е. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін 1998 жылы «Физика және плазма химиясы» мамандығы бойынша магистратураны үздікке аяқтаған. Сол жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультеті оптика және плазма физика кафедрасына «Плазма физикасы» мамандығына аспирантураға түскен. 1998 жылдан бастап Давлетов А.Е. Эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеуі, 2001 жылы 01.04.08 – Плазма физикасы мамандығы бойынша «Термодинамические свойства квазиклассической двухкомпонентой плазмы» тақырыбында кандидатдық диссертацияны қорғауына өз үлесін қосады. Кейінгі жылдардағы ғылыми зерттеу жұмыстары 2009 жылы 01.04.08 – Плазма физикасы мамандығы бойынша «Псевдопотенциальная теория статических и динамических свойств плазмы» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғауына септігін тигізді. Давлетов А.Е. негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстар аймағы тығыз байланыстағы кулондық жүйенің қасиеттерін зерттеу болып табылады. Бүгінгі күнге дейін ҚР БҒМ ғылым комитеті қаржыландыратын ғылыми жобалардың жетекшісі және жауапты орындаушысы болып келеді.импакт-факторы жоғары шетел журналдарында 30 жариялымы бар, Хирш индексі – 10, сілтемелер саны индексі – 291. Ғылыми-зерттеу жүмыстарымен бірге факультетте лекция, семинар сабақтарын, ағылшын тілінде де беріп оқытушылық қызмет атқарады. Бакалариат және магистратура білім алушыларымен қоса, PhD докторантурасында өтетін пәндерден сабақ береді, олар «Избранные вопросы физики неидеальной плазмы», «Физика пылевой плазмы», «Современные вопросы нелинейной оптики». 2013 жылы Қ.И. Сатпаев атындағы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып таңдалды. Сол жылы «ЖОО-ң үздік оқытушы – 2012» атағына и болды. 2014 жылы өсіп келе жатқан ұрпақтың оқу ісі және тәрбиесінде айтарлықтай табыстары үшін Ы. Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1998

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
27.08.2001
Доктор
28.04.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
27.05.2013
профессор
17.02.2020
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Ы.Алтынсарин төсбелгісі
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

42

Цитирования
494 по 250

құжаттар

h-индексі

13