Нурушева Мөлдір Махметқызы – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, ПФН және КФ кафедрасының аға оқытушысы. 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «5В071800 – Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бакалавриат бітіріп, 2019 жылы сол университеттің «6М060400 – Физика» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған. 2018 жылы Каунас технологиялық университетінде (Литва, Каунас) ғылыми тағылымдамадан өткен. 2021 жылы Swiss SASEM швейцариялық бизнес-мектебінің біліктілікті арттыру курсына қатысып, халықаралық сертификат алған. Нурушева Мөлдір Махметқызының онға жуық ғылыми мақалалары мен ғылыми конференция баяндамаларының тезистері бар, оның ішінде бір ғылыми мақала Scopus базасына енетін импакт - факторлы журналда жарияланған. Индекс Хирша:1. 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. Студенттерге келесі пәндер бойынша: «Электр станциялары мен қосалқы станциялар», «Электртехниканың теориялық негіздері», «Электр энергетикасына кіріспе», «Энергетикалық жүйелердің математикалық модельдеу», «Бақылау- өлшеу аспаптары мен аппараттары» т.б. сабақ береді. «Электр энергетикасына кіріспе» пәні бойынша 2024 жылы «Қазақ университеті» баспасында оқу-әдістемелік құралы жарияланған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2017
Қызығушылығы