" Материалтану және жаңа материалдар технологиясы " мамандығы бойынша PhD доктор, АТҰНЗ және ЭТФҒЗИ ғылыми қызметкері. Жұмыс істеу мерзімінде лаборанттан ғылыми қызметкер дәрежесіне дейін көтерілді. Ғылыми қызметкер, ҚР БҒМ 8 отандық және 2 халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларының жауапты орындаушысы. 2005-2009жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Физика" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. 2010-2012жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Ядролық физика" мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 2012-2015жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Материалтану және жаңа материалдар технологиясы" мамандығы бойынша PhD докторант ғылыми дәрежесін алған. Ғылыми-зерттеу бағыттары: "Нанотехнология", "Тозаңды плазма", "Кристалдық құрылымдарды компьютерлік моделдеу". 2007 ж. - қазіргі уақытқа дейін – АТҰНЗ және ЭТФҒЗИ ғылыми қызметкер. Нанотехнология және тозаңды плазма саласы бойынша әртүрлі жастар мен халықаралық конференциялардың белсенді қатысушысы. 70-тан астам ғылыми жұмыстар жарияланды, оның ішінде ҚР 2 инновациялық патенттері, АҚШ, Канада және Германия жоғары рейтингті журналдарында 7 мақала. Жақын және алыс шет ел (Германия, Франция, Испания, Португалия, Индия, Ресей, Украина және Белоруссия) беделді Халықаралық конференцияларында бірнеше рет ғылыми баяндама жасады. Оқытатын пәндері: "Атомдық физика", "Вакуумдық техника", "Газдық разрядтар" және т. б. 2013 жылдың мамыр-шілде айлары және 2015 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында Орлеан политехникалық университетінде (Орлеан қ., Франция) ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтті.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
01.04.2016 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
21.05.2021 |
33
құжаттар
8