Сабит Даубасов 1975 жылғы 16 қаңтарда Түркістан облысы Төлеби ауданы Георгиевка ауылында дүниеге келген. Ұлттық заң академиясының вице-президенті, Ұлттық заң академиясының академигі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Шымкент қаласындағы №37 Фурқат атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітіріп, құқық магистрі академиялық дәрежесін алды. 1998–2004 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қылмыстық құқық және криминология кафедрасында қызмет атқарып, аға оқытушы, заң факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, сондай-ақ ректордың көмекшісі қызметтерін атқарды. 2005 жылы халықаралық құқық саласы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2005–2009 жылдары Д. А. Қонаев атындағы университетте қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды. 2009–2012 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық қатынастар және құқық факультеті деканының, сондай-ақ Құқық және экономика институты директорының ғылыми және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2012–2018 жылдары ұйымдастыру-бақылау бағытын басқарды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
1996

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
01.09.2012
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0