Маликова Шолпан Балтабековна 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-нің заң факультетін үздік бітірді. 2009 жылы “Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша қылмыстардың көптігінің теориялық мәселелері” тақырыбында ҚазҰУ-нің докторлық диссертациялық кеңесінде заң ғылымдары кандидаттығы дәрежесін 12.00.08.-қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық-атқарушылық мамандығы бойынша қорғады (ғылыми жетекшісі – з.ғ.к. Г.И. Баймурзин). 1995 – 2010 жылдар аралығында заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, 2011 жылдан бастап қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары. Жүргізетін пәндері: қылмыстық құқық, криминология, салыстырмалы қылмыстық құқық. 632290ІЗ «Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы қылмыстық саясаты және жаһандану жағдайындағы құқық шығармашылық мәселелері», 1343ГҚ «Қазіргі қоғамдағы қылмыстылыққа қарсы тұрудың құқықтық құралдары мен механизмдері», 0575 ГҚ2 «Пенитенциарлық қауіпсіздік және оны қамтамасыз ету мәселелері» іргелі зерттеулеріне қатысты. 2015-2017 жж. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2576/ІЗ «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және компьютерлік қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты», 2582/ІЗ4 «Заңсыз көші-қонның криминалды салдарларынан сақтандырудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шаралары» гранттық іргелі зерттеулерінің орындаушысы болып табылады. Қазақстанда және алыс, жақын шет елдердің алдыңғы қатарлы ғылыми басылымдарында жарияланған 50-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде қазақ, орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде мектеп оқушыларына арналған құқықтану оқулығының, 5 оқу құралдарының авторы. Ғылыми зерттеулер аясы: қылмыстық саясат мәселелері, миграциялық қылмыстылық, рецидивті қылмыстылық, көптік қылмыстардың мәселелері.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1995 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
23.12.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
01.01.2001 |
7
құжаттар
7