Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, 1999 жылы университет жанындағы магистратураны (КазГЮУ) бітірген. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылғы 22 маусымдағы шешімімен (№6 хаттама) заң ғылымдарының кандидаты (FK № 0003229) ғылыми дәрежесі берілді. 2016 жылы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (18.07.2016 ж. №726 бұйрық) "Құқықтану" мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді (до №0000165). Кейін Комитеттің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді (13.11.2024 ж. №1057 бұйрық). 1999-2008 жылдары Алматы қаласында КазГЮУ қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары - Атырау мұнай және газ институтының "Қазақстан тарихы және құқық" кафедрасының доценті. 2012 жылдан бастап әл-Фараби ат. ҚазҰУ заң факультетінде еңбек жолын жалғастыруда: 2012 жылдан бастап — қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцент міндетін атқарушы, 2017 жылдан 2024 жылға дейін — доцент, 2024 жылдан бастап —профессор. Бакалавриат, магистратура және докторантураның міндетті және элективті пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. 80-нен астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде үш монографияның авторы. "ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы" (Жалпы бөлім) пәні бойынша қазақ және орыс тілдерінде онлайн-курстарын (ЖАОК), "7М04217-Құқықтану" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеуші және "7М12301-құқық қорғау қызметі" бағдарламасының үйлестірушісі болып табылады. Университеттің және ҚР Білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жыл" (2014 ж.), "Ерен еңбегі үшін" (2021 ж.) медальдарымен, ҚР Білім және ғылым Министрінің алғыс хатымен (2017 ж.) және ҚазҰУ ректорының Құрмет грамотасымен (2024 ж.) марапатталған. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды. Г.Н. Мухамадиева өзін лайықты құрметке ие құзыретті, жауапты және тәртіпті маман ретінде көрсетті. Өзінің педагогикалық және ғылыми қызметінде заманауи білім беру технологияларын қолдануға ұмтылады, білім алушылардың заң ғылымына деген қызығушылығын дамытып, зияткерлік және адамгершілік дамуға деген ұмтылысын тәрбиелейді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Қазақ мемл. Заң университеті |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
22.06.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
18.07.2016 |
профессор |
13.11.2024 |
15
құжаттар
2