Шадкам Зубайда 1989 жылы Горган қаласындағы (Иран) парсы тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын гимназияның түлегі. Сол жылы Тегеран университетінің әлеуметтану бөліміне оқуға түскен. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген соң, 1991 ж. тарихи Отанына келіп, 1996 ж. әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің түрік тілі мен әдебиеті бөліміне түсіп, 1996-1998 жж. Анкара университетінің магистратурасын бітіріп, 2006 жылы кандидаттық диссертациясын 10.02.06 – түркі тілдері мамандығы бойынша қорғап, 2011 ж. ҚР БҒМ Ғылым комитеті тарапынан доцент атағына ие болады. З.Шадкам 1998-ші жылдан бері Шығыстану факультетінде жұмыс істейді. Парсы, түрік, араб тілдерін жетік, орыс тілін жақсы, ағылшын тілін орта денгейде меңгерген. Шағатай, осман тілдері бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін Қазақстандағы сирек мамандардың бірі. З. Шадкам кафедра және Шығыстану факультетінің халықаралық байланыстарының дамуында да белсенді енбек етіп келеді. Мевлана және Эрасмус академиялық әрекеттілік бағдарламасы аясында Түркия Республикасының университеттерінде лекция оқып келді. 11.10.2017 жылдан бастап «Түрксой» кейін «Жазба жәдігер және Рухани Мұра» деп аты ауысқан ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 2019 жылдың 15-22 наурыз аралығында Қазұу ректоры Ғ. М. Мұтановдың тапсырысы бойынша Каир және Ал-Азхар университетінің кітапханаларындағы сирек қордағы түркі(шағатай, осман) жіне парсы тілдеріндегі қолжазбалар бойынша қолжаз баларды зерттеу мақсатта Египит еліне барып келді. З. Шадкам 2008-2009 оқу жылында “Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның үздік оқытушысы”. 2019 жылы Ы. Алтынсарин мемлекеттік силығының иегері. 2009 жылдың 20.02-20.04 аралығында Анкара университетінде, 2015 жылы Білкент университеті жанындағы Түрік тілін оқыту және жазғы мектебінде біліктілігін көтерді. Жоғары оқу орны студенттеріне арналған «Қазақ және түрік тілдеріндегі сөз этикетінің этномәдени аспектісі» атты монографияның; «Мәдениетаралық қарым-қатынас (сөйлеу этикеті)» атты оқу құралының және 3 оқу-әдістемелік құрал мен ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша сонғы 5 жылда жарияланған 3 Скопус, 60-ден астам қазақ, түрік, парсы, ағылшын тілдеріндегі мақалалардың авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
25.04.2008 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
27.12.2011 |
профессор |
27.02.2024 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі |
мәдениетаралық қарым қатынас(сөйлеу этикеті)
Қазақ университетi 2011 - г. ISBN 978-601-247-087-1 153 - стр. ҚАЗАҚСТАН
«Түрік тілінің ауызша және жазбаша практикалық курсы» (электронды оқу құралы)түрік тілінде.
Қазақ университетi 2012 - г. 70 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қазақ-түрік сөз этиекетінің этномәдени аспектісі
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-1372 234 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Шағатай тіліне кіріспе
" Қазақ университеті " 2019 - г. ISBN 978-601-04-4398-3 106 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0