Сүйерқұл Ботагөз Мырзабайқызы 1973 ж. 18 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 1990 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1995 ж. «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1995-2020 жж. ҚР БжҒМ (Ұлттық ғылым академиясы) Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аспирант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1999 ж. «Китаб ат-тухфа...» (ХІV ғ.) тіліндегі етістік категориялары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2010 ж. «Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» (ХІV ғ.) лингвосемиотикалық кеңістік» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған. 2011 ж. «Тіл білімі» саласы бойынша доцент.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд ҚазМҰУ
Жоғары
1995

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
13.01.2012

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
27.12.2011
Қызығушылығы