Данлыбаева А.К. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетін «физик, физика оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1996-2000 жылдары ҚР БҒМ ФТИ аспирантурасында оқыды. 2000 жылдан 2007 жылға дейін ҚР БҒМ ФТИ «Геометрия, топология, солитондық математика және сызықтық емес физика» тобының инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері лауазымында жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары Алматы технологиялық университетінде аға оқытушы, ал 2007-2009 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да аға оқытушы, ал 2010-2011 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде аға оқытушы. 2007 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша 01.04.02 - теориялық физика мамандығы бойынша «Спиндік жүйелердің кейбір квазиклассикалық және солитондық сызықтық емес модельдері туралы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. «Механика», «Молекулалық физика», «Оптика» бөлімдері бойынша физиканың жалпы курсы бойынша дәрістер, «Электротехника», «Механика»а және «Молекулалық физика» бөлімдері бойынша физиканың жалпы курсы бойынша практикалық сабақтар, «Механика бойынша физикалық практикумы», «Молекулалық физика бойынша физикалық практикумы» бойынша зертханалық сабақтар өткізді, «Классикалық механика», «Физикадағы компьютерлік әдістер», "Құрылыс өндірістерін жобалау», «Диэлектрлік материалдар», «Стандарттар мен нормативтік құжаттар технологияларын әзірлеу», «Еңбекті қорғау», «Метрология», «Стандарттау», «Практикалық метрологиялық қызмет», «Сапа және өндірістік процестерді басқару жүйесі», «Сапаны бақылау мен басқарудың статистикалық әдістері» арнайы курстары бойынша дәрістер оқыды. Данлыбаева А.К. INTAS: «Nonlinear evolution equations and Dynamical systems» (2000-2002жж.) халықаралық жобасын, мемлекеттік іргелі зерттеулер бағдарламасы (2006-2008 жж.) шеңберінде «Көпөлшемді гравитациялық емес калибрлеу теориялары негізінде бөлшектердің сызықтық емес өзара әрекеттесуінің солитондық модельдерін зерттеу» ғылыми жобасын орындауға қатысты, сондай-ақ ол қазақ-үнді орындаушылары бірлескен зерттеулер жобасы: «Solitons and integrability in higher dimensional magnetic spin systems» (2003-2006 жж.) және ҚР БҒМ ҒК ҒҚ «Әр түрлі спектрлік диапазондағы электронды автотербелмелі жүйелерді зерттеуге арналған ПАК әзірлеу және жасау» (2013-2015 жж.) жобаларында орындаушы болды. Данлыбаева А.К. қызметкерлердің сенімі мен құрметіне ие.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
22.11.2007 |
7
құжаттар
2