Зульбухарова Эльмира Муканқызы, 1968 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Э.М.Зульбухарова Қазақтың Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының физика факультетін «Физика» мамандығы бойынша 1992 жылы бітірді. 1994 жылдан бастап осы уақытқа дейін әл-Фараби атындғы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінде қызмет етеді. Алғашында ядролық физика кафедрасында аға лаборант болып қызмет атқарды. 1997 жылдан маман қызметіне ауыстырылды. 2000-2001 оқу жылдарынан бастап Зульбухарова Э. М. жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. «Механика бойынша физикалық практикум», «Молекулалық физика», «Молекулалық физика бойынша физикалық практикум» пәндері бойынша лабораториялық, семинар сабақтарын жүргізеді. Сонымен қатар, «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Еңбекті қорғау» пәндері бойынша дәріс оқып және семинар сабақтарын жүргізеді. Жұмыста өзінің жауапкершілікті және жоғарғы білікті маман. 68 имидждік мақала, 42 ғылыми мақалалар, 12 ғылыми іс-шаралардың еңбектеріндегі мақалалардың авторы. 2011жылдан бастап Зульбухарова Эльмира Мұқанқызы факультеттің аға куратор- эдвайзері болып қызмет атқарады, факультеттің қоғамдық өміріне қызу араласады, қызметкерлер арасында беделді. Кәсіподақ комитетінің жұмысына белсенді қатысады, кафедраның тапсырмаларын тиянақты орындайды.
6
құжаттар
2