Бөлегенова С.Ә. 1994 жылы «Физика» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазМУ бітіріп, физика факультетінің жылуфизика және молекулалық физика кафедрасының инженері қызметіне орналасады. 1999 жылы өндірістен ажырамай «01.04.14-Жылуфизика және теориялық жылутехника» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің аспирантурасын оқып бітіреді. 2003 жылы «Сыртқы әсерлер болғандағы химиялық әсерлесуші турбулентті газ ағыншаларын сандық зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды. 2010 жылы «01.04.14-Жылуфизика және теориялық жылутехника» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Д14А.01.11 диссертациялық кеңесінде «Жоғарытемпературалы және химиялық әсерлесетін ағындардағы турбулентті жылумасса тасымалын модельдеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2002-2006 жылдары ҚР талантты жас ғалымдары үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанады, 2007 және 2013 жылдары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантын иеленді. Бөлегенова С.Ә. «Жану және жарылыс физикасы», «Жылуфизиканың сандық әдістері», «Тұтқыр сұйық ағысы», «Тұтқыр сұйықтың конвективті тасымалы», «Реологиялық сұйықтардың физикасы», «Өткізгіш ортаның жылуфизикасы», «Тұтас орта механикасы», «Жану камераларындағы әсерлесетін ағыстарды 3D модельдеу», «Жылуэнергетикадағы плазма технологиясы», «Термодинамика, статистикалық физика және физикалық кинетика» және т.б. сияқты арнайы курстардан дәріс оқиды. Эксперименталды және теориялық физиканың Ғылыми-зерттеу институтының мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу тақырыптарының жетекшісі және орындаушысы: 1. «Шаңкөмірлі алаудың аэродинамикалық және жылуфизикалық сипаттамаларын зерттеу» шифры ИПС-33. 2. «Қазақстан Республикасының экологиялық ахуалына антропогенді әсерді азайту мақсатында ЖЭС жану камераларында энергетикалық отынды жағу барысында өткір үрлеу технологиясын қолдану» шифры ЭП-17. 3. «ЖЭС энергетикалық қазандықтарында Қазақстандық төменгі сұрыпты көмірлерді тиімді және экологиялық таза жағудың энергия үнемдеуші технологияларын жасау» шифры ЭП-ГФ4. 4. «Атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін азайту мақсатында энергетикалық қондырғыларда Қытай мен Қазақстанның қатты отындарын жағу процестерін жетілдірудің жаңа технологиялары» МП. Бөлегенова С.Ә. қатысуымен үш мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары жасалынды: «6N0723 – Техникалық физика», «6D060400 – Физика», «6D060500 – Ядролық физика». Бөлегенова С.Ә. СҒЗЖ-ның, физика-техникалық факультетінің әдістемелік бюросының төрайымы қызметтерін атқарды. Бөлегенова С.Ә.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1994 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
23.05.2003 |
|
Доктор |
01.07.2012 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
30.06.2011 |
профессор |
10.02.2021 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант "2007 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | |
ҚР білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін" белгісі |
62
құжаттар
16