Жұманов М. Ә., 1966 жылы туған, қазақ. Білімі жоғары, 2002 жылдан бастап техника ғылымдарының кандидаты, диссертациясын ҚазҰТУ жанындағы диссертациялық мамандандырылған кеңесте 05.05.06- "тау-кен машиналары" мамандығы бойынша қорғады. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен "Көлік, тау-кен және құрылыс машиналарын жасау"мамандығы бойынша доцент атағы берілді. 1987 жылы Қазан химия-технологиялық институтына түсіп, 1992 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институты инженерлік-механикалық факультетінің "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылдан 2007 жылға дейін академик Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің "Тау-кен машиналары мен жабдықтары" кафедрасында ассистент, оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің "Көлік және технологиялық машиналар" кафедрасының меңгерушісі. 2008-2017 жылдары Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ "Көтеру тасымалдау машиналары және гидравлика" кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. 2017-2018 ж.ж. Алматы энергетика және байланыс университетінің "Өнеркәсіптік жылуэнергетика" кафедрасының доценті. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Жылуфизика және техникалық физика" кафедрасының доценті. Педагогикалық қызмет барысында 90-нан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері бар, оның ішінде 4 ҚР инновациялық патенті және 3 оқу құралы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
27.09.2002

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
30.11.2006
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0