Мукамеденқызы Венера 1980 жылы туылған, қазақ, 1998 ж. О.Жәутіков атындағы РАФММИ бітірген. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін бітірді. 2004 жылы «Жылу физика» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетінің магистратурасын үздік аяқтады. 2006 жылы «Жылу физика және жылу техника» мамандығы бойынша физика факультетінің аспирантурасын бітірді. 2009 жылы «Жылу физика және жылу техника» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2002 жылдың қараша айынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетінде жұмыс істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі 18 жыл. Мукамеденқызы Венера көпқұрамды газ қоспаларындағы массатасымалдану мәселесімен айналысады. Кандидаттық диссертация тақырыбына байланысты республикалық және шетелдік басылымдарда 60 аса ғылыми мақаласы шықты. Ғылыми деңгейін үзбей жетілдіреді. 2017-2018 оқу жылында “Молекулалық физика”, “Механика”, “Интелектуалды меншікті қорғау”, “Техникалық термодинамика”, “Заттардың жылуфизикалық қасиеттері” пәндері бойынша 1, 2, 3 курс студенттеріне лекция, семинар сабақтарын жүргізді. ТЭ мамандығының студенттеріне эдвайзер-куратор. Факультеттің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады. Студенттер мен оқытушылар арасында беделді. Мукамеденқызы Венера өзінің қызметінде өте ұқыпты, жауапкершілікпен қарайды. Өз жұмысын адал және ұқыпты атқарады. Өз білімін жетілдіруге қабілеті бар. Керекті дәрежеде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2004

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2002

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
24.02.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
27.10.2023
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

10

Цитирования
33 по 24

құжаттар

h-индексі

4