Мен, Аушенова Айдана, 2010-2014 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің «Филология: қазақ тілі» мамандығында бакалавр бөлімінде оқыдым. Аталған мамандықты үздік аяқтадым. 2014-2016 жылдар аралығында екінші жоғары білім «Шетел филологиясы» мамандығының бітірдім. 2016-2018 жылдар аралығында «Лингвистика» мамандығын аяқтадым. 2020-2023 жылдар аралығында "Орыс тілі және әдебиеті" мамандығының докторантурасын бітірдім. Университетте оқу кезінде 4 жыл оқу барысында бірнеше халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға, семинарларға қатысып, бірнеше сертификат пен дипломдарға ие болдым. Республикалық ғылыми теориялық конференциядан екінші орын иелендім. Сондай-ақ, ол факультет ішіндегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысы мен «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының жауапты мүшесі және университеттің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ономастика – Уақыт – Қоғам» атты студенттердің І республикалық ғылыми-танымдық конференциясын ұйымдастыру жұмысының жауапты мүшесі болдым. 2018 жылдан бастап, Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысымын.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2014 |
0
құжаттар
0