Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы – 1991 жылғы тамыздың 23 жұлдызында қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылында дүниеге келді. 2008 жылы – Ғ. Орманов атындағы орта мектепті үздік аттестатпен аяқтады. 2008-2012 жылдары – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Гуманитарлық факультетінің шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бакалавр; 2012-2014 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Аударма ісі мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2015-2018 жылдары - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы; 2018-2021 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының докторанты. 2022 жылы 8 ақпанда Аударма ісі мамандағы бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады. 2023 жылы ҚазҰУ Үздік жас ғалымы атанды. Қазіргі уақытта Жас ғалым 2023-2025 гранттық бағдарламасы бойынша жоба жетекшісі. Ғылым жолында 30-дан астам ғылыми мақалалар мен зерттеу еңбектерін жариялаған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Жетісу мемл.унив.
Жоғары
2012

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
18.02.2022
Қызығушылығы