Басты бет / Филология / Шетел филологиясы және аударма ісі / Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы
Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы
Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы – 1991 жылғы тамыздың 23 жұлдызында қазіргі Алматы облысы, Ақсу
ауданы, Қапал ауылында дүниеге келді.
2008 жылы – Ғ. Орманов атындағы орта мектепті үздік аттестатпен аяқтады.
2008-2012 жылдары – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Гуманитарлық
факультетінің шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бакалавр;
2012-2014 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Аударма ісі мамандығы
бойынша магистр дәрежесін алды.
2015-2018 жылдары - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Гуманитарлық
факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы;
2018-2021 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Шетел филологиясы және
аударма ісі кафедрасының докторанты.
2022 жылы 8 ақпанда Аударма ісі мамандағы бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады. 2023 жылы
ҚазҰУ Үздік жас ғалымы атанды. Қазіргі уақытта Жас ғалым 2023-2025 гранттық бағдарламасы
бойынша жоба жетекшісі.
Ғылым жолында 30-дан астам ғылыми мақалалар мен зерттеу еңбектерін жариялаған.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| Жетісу мемл.унив. | Жоғары | 2012 |