Жарболова Айгерім Жаксылыковна - білімі жоғары, заң ғылымдарының кандидаты. Жарболова А.Ж. 1972 жылы 29 желтоқсанда Жамбыл облысы Қордай ауданында Георгиевка селосында туылды. 1989 жылы Жамбыл облысы Красногор ауданы Кеңен ауылының орта мектебін күміс медальмен бітірді. 1989 жылы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1994 жылы қызыл дипломмен аяқтады. Оқуды аяқтағаннан соң тиісті университетке - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетінде ассистент болып жұмысқа орналасты. Жарболова А.Ж. ҚазҰУ-де заң факультетінде мемлекеттік тілде алғаш рет құрылған топта білім алды, мемлекеттік тілдегі алғашқы мамандардың бірі болып табылады. Ол 1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің конституциялық және әкімшілік құқық, кейіннен мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасында жұмыс істейді.1997-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде аспирантурада оқыды. 2004 жылы з.ғ.д., профессор Ғ.С.Сапарғалиевтің жетекшілігімен "Заң шығару процесі" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады, 3 қараша 2004 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 23 желтоқсан 2015 жылы №477 Ректордың бұйрығымен Жарболова А.Ж. Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен, 23 қазан 2023 жылы №516 Ректордың бұйрығымен Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фраби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жарболова Айгерім Жақсылыковнаның ғылыми-оқытушылық жұмыс өтілі – 29 жыл.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1994 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
03.11.2004 |
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
"Қазақуниверситеті" 2012 - г. ISBN 978-601-247-517-3 220 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Кусаинов Д.О., Исабеков А.К.
Заң шығару қызметі
" Қазақ университеті " 2013 - г. ISBN 978-601-04-0258-4 10 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесі
"Print master" 2017 - г. ISBN 978-601-298-230-5 9 - стр. ҚАЗАҚСТАН
4
құжаттар
2