Ахатов Уалихан Акыпбекович 1979 жылы 10 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсіп, 2000 жылы "Құқықтану"мамандығы бойынша үздік аяқтады. 2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсіп, 2002 жылы заң факультетінің магистратурасын "Мемлекеттік құқық және басқару"мамандығы бойынша үздік бітірді. 2002 жылдан бастап Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы және тарихы кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры міндетін атқарушы. 2004-2008 жылдар аралығында Заң факультеті деканының білім беру работе жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 1 қарашасына дейін заң факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Заң факультеті деканының қызметін атқаруда.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
26.05.2005 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
18.03.2008 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант "2009 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі |
11
құжаттар
2