Турсынкулова Динара Ахановна 1993 жылыдан 1997 жыл аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің «Құқықтану» мамандығында оқыды. 1999 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және құқық институтының «Мемлекеттік құқық және басқару» мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітірді. Турсынкулова Д.А. 1999 жылдан заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент м.а. қызметтерін атқарды.қазіргі кезде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Әр түрлі басылымдарда және ғылыми-практикалық конференцияларда 95-тен астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде 2 монография, 8 оқу құралы, Scopus базасында 6 мақаласы бар, индекс h-1. 2007 жылы з.ғ.д., профессор З.Ж.Кенжалиевтің ғылыми жетекшілігімен 12.00.01- құқық және мемлекет теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы – мамандығы бойынша «Қазақ әдет құқығы бойынша өзара көмек (Асар) институты» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. Оған ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Комитеттің 14.03.2008 жылғы №4 Хаттамалы шешімімен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. Бакалавриат және магистратураның «Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. 2020 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың сарапшысы болып табылады. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Заң Академиясының академигі. 2015 жылы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалімен; 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "EREN ENBEGI USHIN" медалімен марапатталды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1999

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
18.03.2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

7

Цитирования
6 по 6

құжаттар

h-индексі

1