Зарипова Юлия Айратовна, 1991 жылы туылған, 2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін бітірген. 2012 ж. – 2014 ж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика- техникалық факультетінің «Ядролық физика» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады. 2014 ж. – 2017 ж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінде «Ядролық физика» мамандығы бойынша докторантурада оқып, «Иондардың созылмалы шашыратуының әдісін өзіктерді кластер құрылымын зерттеу» тақырыбында диссертациясын қорғады. 8/02/2018 (№ 218) жылдан бастап ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімі бойынша PhD докторы дәрежесі берілді. 2014 ж. -2015 ж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика- техникалық факультетінде ассистент қызметін атқарды. 2015 ж. - 2017 ж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің теориялық және ядролық физика кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін теориялық және ядролық физика кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарады. Ю.А Зарипованың ғылыми қызметі 2012 жылдан басталады. Қазіргі таңда АТҰНЗ-ның ғылыми қызметкері болып саналады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрысында жұмыс атқару барысында келесідей пәндерден сабақ жүргізді: Физика; Ядролық физика; Ядролық реакциялар теориясы; Радиациялық генетика; Радиациялық биофизика және ядролық медицина; Ядролық реакциялар кинематикасы; Дозиметрия және сәуледен қорғану; Ядролық медицина физикасына кіріспе.Ю.А. Зарипова оқу кезеңдері мен кафедрада жұмыс істеу кезінде өзін сауатты маман екенін көрсете білді. Мемлекеттік аттестация, халықаралық аккредитация жұмыстарына белсене ат салысты. 2018 оқу жылынан бастап Ядролық физика мамандығы бойынша магистранттардың оқу жоспарын, паспортын және элективті пәндер каталогын құрастырушы ретінде тағайындалды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
08.02.2018 |
22
құжаттар
4