Абдраманова Гулбану Бауржанқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2017 жылы
5В060403 - Физика мамандығы бакалавриат деңгейін бітіріп, 2019 жылы осы мамандық бойынша
жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесіне үздік дипломмен ие болды. Одан әрі қарай,
2019-2022 жылдарда Ядролық физика мамандығының докторантурасын бітірді. Университетте 2019
жылдан бастап оқытушы қызметінде. Ғылыми зерттеу тақырыбы: Глаубер теориясы аясында
адрондардың жеңіл ядролармен әсерлесуі. Айтылған тақырып бойынша бірнеше халықаралық
конференцияларда, шетелдік баспаларда мақалалар шығарылған. Сонымен қатар, "Кванттық
механика", "Термодинамика және статистикалық физика", "Жалпы физика курстары", т.б.
курстарды сәтті оқытуда. Және кураторлық іс-шараларға белсенді қатысуда.