Б.О.Бексолтанова 2021 жылы физика және астрономия мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бакалавр бітірген. 2021 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 7М05311 – Ядролық медицина білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға түсіп, 2023 жылы өте жақсы бағамен оқуын тәмәмдады. Қазіргі таңда Б.О.Бексолтанова теорилық және ядролық физика кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарады. Лабораториялық, семинарлық жұмыстарды студенттерге тиянақтылықпен, ұқыптылықпен түсіндіре алады. Б.О.Бексолтанова мұғалімдер арасында сыйлы әрі берілген тапсырмаларды уақытында орындап, көзге түсті. Сонымен қатар, студенттердің білімін арттыру мақсатында сабақтан тыс қосымша жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында химия, математика факультеттерінің студенттеріне жалпы физика курсының ядролық физика бөлімдерінен қазақ және орыс тілдерінде лабораториялық жұмыстар жүргізеді. Осы пәндердің семинарлық жұмыстарды екі тілде жүргізеді. Зертханалық және семинарлық сабақтарды кәсіби шеберлікпен, жоғары әдістемелік дайындықпен өткізіп келеді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2021 |
0
құжаттар
0