Утей Ш.Б., 1993 жылы туған. 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Ядролық физика» мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдады. Дипломдық жұмысы «6NM-64 нейтрондық супермониторын тіркеу жүйесін әзірлеу» тақырыбына арналды. 2020 жылы аталған факультетте «Ядролық физика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2016 жылы оқу барысында Жапонияның Атом энергиясы агенттігінде (Japan Atomic Energy Agency, JAEA), Оарай (Oarai) қаласында «2016 Training Course for Foreign Young Researchers and Engineers» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті. Сол жылы Алматы қаласындағы Тянь-Шань биіктау ғылыми станциясының базасында «Hadron» экспериментіне қатысты. ТМД елдерінің жас ғалымдарына арналған «Сверхжоғары энергиялы бөлшектер физикасы мен астрофизикасының іргелес мәселелері» атты 3-ші және 4-ші халықаралық мектептерінің қатысушысы болды. 2018 жылы Ресей ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы М.В. Даниловтың жетекшілігімен Мәскеу физика-техникалық институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. 2023 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8D05308 – «Ядролық физика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны сәтті аяқтады. Ғылыми қызығушылықтары – ғарыш физикасы, атап айтқанда, ғарыштық сәулеленудің жоғары энергиялы компоненттерін зерттеу.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2017
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

4

Цитирования
3 по 3

құжаттар

h-индексі

1