БЕЛИСАРОВА ФАРИДА БЕКСУЛТАНОВНА – теоретикалық және ядролық физика кафедрасының доценті. Белисарова Фарида Бексолтановна 1969 жылдың 20 қаңтар айында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1986–1992 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетінде білім алды. 1992–1995 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 1995–1999 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультеті теоретикалық физика кафедрасының аспирантурасында оқыды. 2002 жылдан бастап ҚР БҒМ Физика-техникалық институтында инженер болып қызмет атқарды, ал 2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетінің теоретикалық физика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2004 жылы «Магниттік диэлектриктердің кейбір бейсызық модельдерін зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Мамандықтың шифры – 01.04.02 – теоретикалық физика. 2008–2012 оқу жылдары аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетінің Ғылыми кеңесінің Ғалым хатшысы қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап физика-техникалық факультеттің теоретикалық және ядролық физика кафедрасының меңгеруші орынбасары болып жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап «6D060400 – Физика», «6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «6D072300 – Техникалық физика» мамандықтары тобы бойынша диссертациялық кеңестің Ғалым хатшысы қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл. Белисарова Ф.Б. – «5В060400 – Физика» мамандығы бойынша 1 және 2 курс студенттерінің куратор-эдвайзері. Ол «Жедел кеңейіп жатқан Ғалам құрылымы мен динамикасын зерттеу. Ғаламның жеделдетілген кеңеюін зерттеудің теориясы мен әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы іргелі зерттеу жобасының негізгі орындаушысы болып табылады. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген, соның ішінде бір монография және 4 оқу құралы қазақ тілінде жарияланған. Жарияланған ғылыми еңбектерінің бірі: T.A. Kozhamkulov, P. Yu. Tsyba, K. K. Yerzhanov, Sh. R. Myrzakul, I. I. Kulnazarov. Скалярлы-фермионды Юкава өзара әрекеттесулері және G-эссенция // ҚР ҰҒА Хабарлары. Физ.-мат. сериясы. – 2011. – № 3. – Б. 73–76.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1992

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
08.10.2004

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
23.09.2010
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Ы.Алтынсарин төсбелгісі

Автордың құжаттары

6

Цитирования
18 по 14

құжаттар

h-индексі

3