1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2024 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік басқару институтын 40.04.01 «Юриспруденция» мамандығы бойынша магистратура деңгейінде тәмамдады. 1997–1998 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті жанындағы құқықтық ғылыми орталықта жетекші маман қызметін атқарды. 1999–2002 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және құқық институтында жетекші маман болып жұмыс істеді. 2002–2004 жылдары ІТД келісімшартына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЕФ және ГФ УМО оқу бөлімінің әдіскері қызметіне ауыстырылды. 2004–2011 жылдары штаттық өзгерістерге байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың УМУ оқу бөлімінің әскери кафедра әдіскері лауазымына ауыстырылды. 2011 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, криминалистика және сот сараптамасы кафедрасында маман қызметін атқарды. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, «Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасында аға лаборант болып қызмет етті. 2012–2021 жылдары осы кафедрада жетекші маман қызметін жалғастырды. 2023 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, «Кедендік, қаржылық және экологиялық құқық» кафедрасында жетекші маман қызметін атқаруда. Жұмыс барысында өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен, адалдықпен және жоғары орындаушылықпен атқаратын қызметкер ретінде танылды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2002
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0