Мен, Елеусизова Нургуль Толеубеккызы, 1987 жылдың 22 қаңтарында Алматы облысында дүниеге
келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын.
Білім жолым 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Юриспруденция»
мамандығына түсумен басталды. 2008 жылы аталған мамандық бойынша бакалавр дәрежесін алдым.
2014–2016 жылдары Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Юриспруденция» мамандығы
бойынша магистратураны тәмамдадым. 2021 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша докторантурада оқумен айналысып келемін.
Еңбек өтілім 2008 жылы Алматы қалалық соты мекемесінде басталды. 2008–2010 жылдар аралығында
сот қызметін ұйымдастыру бөлімінде жетекші маман, сондай-ақ кассациялық инстанцияның хатшысы
қызметтерін атқардым. 2011–2013 жылдары «Узынагаш Газ Монтаж» және «Береке Газ Монтаж»
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде заңгер болып жұмыс істедім. 2014–2016 жылдары
«Алматыгазсервис-Холдинг» акционерлік қоғамында заңгер қызметін жалғастырдым. 2016–2018
жылдары «Тауекел-Т» ЖШС-де заңгер қызметін атқардым. 2018–2022 жылдары «Зердеш» мектебінде
профориентолог ретінде жұмыс жасадым. 2023–2024 жылдары Каскелен гуманитарлық-техникалық
колледжінде оқытушы қызметін атқардым. 2025 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті Заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы болып
жұмысқа орналастым.