Cултанова Акмарал Мухтаровна әл-Фараби атыдағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих мамандығына 2000 жылы оқуға түсіп, 2004 жылы «бакалавр» академиялық дәрежесін бітіріп шыққан. 2004 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2006 жылы мәдениеттану магистрі академиялық дәрежесіне ие болды. 2008-2013жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасында аға маман қызметін атқарды. 2013- 2016 жылдары кафедрада оқытушы қызметін атқарды. 2016-2022 оқу жылдары аралығында аға оқытушы лауазымында жұмыс істеді. Кафедраның аға куратор-эдвайзері қызметін атқарған. Сонымен қатар, «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары негізінде бакалавр студенттерінің бітіру жұмыстары бойынша хатшы міндетін атқарды. А.М. Султанова 30 дан аса халықаралық ғылыми және имидждік жарияланымдармен мақалалардың авторы. Соның ішінде, оқу құралы және тәрбие қызметі бойынша әдістемелік ұсыныс авторлармен бірігіп шығарылған еңбектері. «Экономикалық әлеуметтанудың әдістері мен тарихы» оқу құралына авторлық құқығымен куәләндірілген. Жалпы еңбек өтілімі – 17 жыл. Жыл сайынғы республикалықжәне халықаралық деңгейлерде өтетін ғылыми-практикалық және теориялық конференцияларға қатысып тұрады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2006 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2004 |
1
құжаттар
1