Спанбек Арайлым Нұрланқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы және «Тұран» университетінің «Медиа және мәдениетаралық қарым-қатынас» жоғары мектебінің аға оқытушысы. 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «Аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2020 жылы «Еркек» және «әйел» лингвомәдени гендерлік концептілерінің әлемнің тілдік бейнесіндегі көрінісі (орыс және қазақ тілдерінің материалында)» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. Магистратурада оқып жүріп, Ресей халықтар достығы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2021 жылы «Тұран» университетінде журналистика мамандығы бойынша мамандандырылған магистр дәрежесін алды. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының орыс тілі пәні оқытушысы болып табылады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2018

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0