әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент м,а., философия ғылымдарының кандидаты Мұханбет Әсем Өмірбаяны Мұханбет Әсем 1981 жылы туылған. 1987-1998 жж арасында Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектепті үздік аяқтады. 1998-2003 жылға дейін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің «философия» мамандығы бойынша бакалавр біліктілігі дәрежесін үздік тәмәмдады. Мұханбет Әсем университет қабырғасында жыл сайын өткізіліп тұратын студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, факультет арасында және жалпы университет көлемінде өткізілетін мәдени іс-шараларға белсенділігімен өзін жақсы қырынан көрсете білді. 2004-2007 жылы аталған жоғарғы оқу орнының аспирантура бөліміне оқуға қабылданды. Мұханбет Әсем Ануарбекқызы – жоғары оқу орнында тәжірибе жинақтаған, дәріс берудің теориясы мен әдістемесін жоғары мектеп талабына сай меңгерген ізденуші ретінде өзін көрсеткен. Сондай-ақ, кафедрадағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, диссертациялық кеңестің техникалық хатшысы ретінде еңбек етті. Аспирантура бөлімінде филос.ғ.д., профессор, академик Ғарифолла Есімнің жетекшілігімен 24.00.01- мәдениет теориясы мен тарихы мамандығы бойынша «Қазақ мәдениетіндегі ауыл мәселесі» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын жоғарғы деңгейде қорғап, философия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап, аталмыш оқу орнында дінтану және мәдениеттану кафедрасында оқытушылық қызметін атқарып келді. Мұханбет Әсем – өз ісін жетік білетін маман. Сабағына жауапты қарап, өз білімін көтеру мақсатында үнемі ізденіп жүреді. Университет, факультетте өткізіліп отырған ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысып біліктілігін жетілдіру туралы сертификаттарға ие болды. 2 монография, 1 оқу құралының авторы, сонымен бірге, 45 - ға жуық ғылыми мақалалар әр түрлі ғылыми журналдар мен халықаралық конференция материалдарында да жарық көрген. Университетке, факультетке және кафедраға қатысты берілген тапсырманы жауапкершілікпен тыңғылықты орындайды. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатынан хабардар, өз әріптестері арасында беделді. Сонымен қатар, кафедрада әдістемелік кеңес мүшесі, мемлекеттік аттестаттау комиссиясында техникалық хатшы қызметін атқарған. Ғылыми жұмыс, оқу-әдістемелік және педагогикалық іс- әрекетпен белсенді айналысады. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөні


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2003

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
31.03.2011
Қызығушылығы