Тоқтарбекова Лаура Ниязбекқызы 1980 жылы 9 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Покровка селосында дүниеге келген. 2000-2005 жылдар аралығында «Қайнар» университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті: шет тілі» мамандығын тәмәмдап, 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6М020900 - Шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2015 жылы гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. 2016 жылы «Ғылым ордасы» мен ғылыми-зерттеу институттары және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ғылыми қызметкерлерді дайындау интеграция бағдарламасы бойынша «6D020600 - Дінтану» мамандығына докторантураға түсіп, 2020 жылы «Қазақстанның мәдени-әлеуметтік кеңістігіндегі ислам дәстүрі: дінтанулық талдау» тақырыбында «6D020600 - Дінтану» мамандығы бойынша PhD атағына алды. Еңбек жолын 2000 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы білім академиясының «Білім-Образование» журналы редакциясында кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған. Философия, саясаттану және дінтану институтында 2005 жылы аға лаборант ретінде, 2009-2012 жылдары кіші ғылыми қызметкері, 2018 жылдан бастап Дінтану бөлімінде ғылыми қызметкері, 2019-2020 жылдары ғалым хатшы, 2020-2021 жылдары бас ғалым хатшы лауазымын атқарған. 2021 жылдан қазірге дейін Институттың Дінтану орталығының жетекші ғылыми қызметкері лауазымында.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
11.03.2020 |
0
құжаттар
0