Мен, Ернар Қалмаханұлы Мажен, 1984 жылдың 14 сәуірінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келдім. Ұлтым — қазақ, Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім жоғары. 2002–2006 жылдары «Отырар» университетінде «Тарих» мамандығы бойынша білім алдым. 2007–2010 жылдары Түркияның «Сельчук» университетінде «Ислам тарихы» мамандығын оқыдым. 2017–2020 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдадым. Ғылыми дәреже — магистр. Еңбек жолымды 2009 жылы Шымкент қаласындағы ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждің директордың орынбасары қызметінен бастадым. 2011–2015 жылдары Алматы облысы Жамбыл аудандық мешітінің бас имамы, 2013–2016 жылдары «Үшқоңыр» медресе-колледжінің директоры, 2016–2017 жылдары Қарасай ауданының бас имамы, 2017–2019 жылдары Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің наиб- имамы болып қызмет еттім. 2019 жылдан бері Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешітінің бас имамы қызметін атқарамын. 2020 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы болып жұмыс істеймін.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Халықаралық Қазақ-Араб универс.
Бакалавриат
2006
Қызығушылығы