Өмірбаян Мен, Бегалинова Калимаш Капсамарқызы, 1957 жылғы 29 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келдім. 1966 жылы Семей қаласындағы №36 орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып, оны 1976 жылы аяқтадым. Мектепті бітіргеннен кейін бірден Украинадағы Н.В. Гоголь атындағы Нежин мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 1981 жылы тәмамдадым. Оқуды аяқтаған соң комсомол және коммунистік партия жүйесінде қызмет етіп, сонымен қатар Семей қаласындағы жоғары оқу орындарында сабақ бердім. 1983–1989 жылдары Ресейдің Екатеринбург қаласындағы А.М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің философия факультетінде білім алдым. 1984 жылы мамандығы мұғалім Серікбек Бегалиновқа тұрмысқа шықтым. 1987 жылы Семей педагогикалық институтына оқытушылық қызметке ауыстым. 2004 жылы Астана қаласына қоныс аудардым. Семей және Астана қалаларындағы медициналық академияларда, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде және Аграрлық техникалық университетте кафедра меңгерушісі болып жұмыс істедім. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында профессор болып қызмет етемін. Екі балам және жеті немерем бар. Балаларым — Әлібек Серікбекұлы Бегалинов пен Мәдина Серікбекқызы Әшимова — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия факультетін тәмамдап, өз салалары бойынша жұмыс істейді. Немерелерім мектеп және мектепке дейінгі жаста. Бос уақытымда өзін-өзі дамытуға, көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттер оқуға ерекше қызығушылық танытамын.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Горький ат. Орал мемл.Универс. |
Жоғары |
1989 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Доктор |
27.03.2000 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
профессор |
11.10.2006 |
6
құжаттар
5