Қоғабаева Әсел Маратқызы, 1986 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2008
жылы
Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетін Мәдениеттану мамандығын
бойынша бакалавриатты тәмамдаған. 2010 жылы осы аталған оқу орнында аталған мамандық
бойынша
магистр дәрежесін иеленген. Еңбек өтілін 2008 жылы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алмалы ауданы бөлімінде бас маман ретінде бастады.
2009 жылы Алматы қаласы Мәдениет басқармасына бас маман болып ауысты, аталған жерде 2015
жылға дейін істеді. 2015 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
орталық музейінде кіші ғылыми қызметкер лауазымында 2023 жылға дейін істеді. Оқытушылық
қызметті С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қазақ аграрлық зерттеу университетінде
атқарды.
Тұрмыста, 4 баласы бар.