Басты бет / Философия және саясаттану / Дінтану және мәдениеттану / Хасиетова Жания Жарасқызы

Хасиетова Жания Жарасқызы

Лауазымы: оқытушы
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
zhaniyamh@gmail.com
       әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мәдениеттану» және «Мәдени антропология» мамандықтары бойынша аяқтап, бакалавр және магистр академиялық дәрежелерін алдым. Қазіргі уақытта осы университеттің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD докторантымын. Кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында Түркияның Анкара қаласындағы Hacettepe университетінде мәдени антропология факультетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өттім, сондай-ақ АҚШ-та дербес далалық зерттеу жүргізіп, ғылыми көкжиегімді кеңейтіп, мәдениетаралық коммуникация дағдыларымды жетілдірдім. Ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерім мен халықаралық конференцияларға белсенді қатысқаным үшін бірқатар марапаттардың иегерімін. ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетімді көрсете білгенім үшін «ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты төсбелгісімен марапатталдым. Менің кәсіби миссиям — мәдениеттану ғылым саласын дамытып, ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттау, сонымен қатар жас ұрпақтың рухани құндылықтар мен ұлттық бірегейлікке деген қызығушылығын арттыру.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазМУ Жоғары 2021
Академикалық дәреже
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0